Kaspersky бағдарламалық құралына (бұдан әрі қарай - “Бағдарламалық құрал”) қолдау көрсету ережелерінде (бұдан әрі қарай - “Ережелер”) Kaspersky компаниясы Пайдаланушыларына ұсынатын техникалық қолдауы (бұдан әрі қарай - «Қолдау») сипатталады. Kaspersky компаниясы осы Ережелерді өзгертуге құқылы және жаңартылған нұсқаларды мына мекенжай бойынша жариялайды: https://support.kaspersky.com/.
Қолдау көрсетілетін бағдарламалық құралдың тізімі:
Kaspersky техникалық қолдау қызметі сұраудың сипатына қарай ақылға қонымды уақыт ішінде сапалы қолдау көрсетуге барынша тырысады. Белгілі бір уақыт аралығында жауап беру міндеті ақылы қызметтердің бөлігі ретінде ғана берілуі мүмкін.
Кей Бағдарламалық құрал үшін, Қолдау ережелері мен шарттары стандартты ережелер мен шарттардан өзгеше болуы мүмкін. Ережелер мен шарттар осы жерде қолжетімді.
Стандартты қолдауға қосылмаған кейбір қызметтер ақылы қызметтердің бөлігі ретінде ұсынылуы мүмкін.
Kaspersky компаниясы Кәсіби қызметтер және Премиум қолдау қызметін қамтамасыз етеді. Kaspersky компаниясының ең жақсы сарапшылары кез келген тапсырмалар мен қауіпсіздік шешімдерін пайдалану кезінде кездесетін қиындықтарды шешуге көмектеседі.
Кәсіби қызметтер бойынша толық ақпаратты осы жерден қараңыз.
Премиум қолдау қызметтері бойынша толық ақпаратты осы жерден қараңыз.
Ақылы қызметтердің қолжетімділігі мен мазмұны аймақ пен жергілікті қызмет жеткізушілеріне байланысты әр түрлі болады.
Kaspersky компаниясы Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісіміне («Келісім») және осы Ережелерге сәйкес Бағдарламалық құралға техникалық қолдау көрсетуге кепілдік береді.
Егер сұрауды өңдеу қажет болса, Kaspersky техникалық қолдау қызметі пайдаланушыдан қосымша Kaspersky утилиталарын (бағдарламалық құралдың құралдары) іске қосуын сұрауы мүмкін.
Сұрауды өңдегеннен кейін, Kaspersky компаниясы пайдаланушылардан қызметтің сапасы туралы мерзімді түрде пікір сұрауға құқылы.
Техникалық қолдау қызметімен хабар алмасу барысында Пайдаланушы Kaspersky компаниясына сұраудың дұрыс өңделуі үшін уақытылы жауаптар беруі, сатып алынған Лицензия туралы ақпаратты және қажетті деп есептелетін басқа ақпаратты беруі керек.
Техникалық қолдау қызметі бойынша кері байланысты келесі түрде жіберуге болады:
Please let us know how we can make this website more comfortable for you
Thank you for submitting your feedback. We will review your feedback shortly.
Your feedback will be used for content improvement purposes only. If you need assistance, please contact technical support.
Your suggestions will help improve this article.