iOS

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
iOS (бұрынырақ iPhone OS)
Apple iOS new.svg
IOS 8 Homescreen.png
iOS 8 жұмыс істейтін iPhone 6 Plus басты экранындағы тұжырымдамасы
Жасаушы

Apple

ОЖ отбасысы

OS X

Алғашғы шығаруы

29 маусым 2007 жыл

Соңғы қол жетімді нұсқасы

8.4 beta 

Жаңарту тәсілі

iTunes көмегімен немесе OTA (ағыл.)

Қолдайтын тілдері

34 тіл

Компьютерлік платформасы

соңғы релизі (8.3) келесі құрылғылар үшін:

    • iPhone 4S, 5, 5c, 5s, 6, 6 Plus;
    • iPod touch 5;
    • iPad 2, 3, 4, Air, Air 2
    • [[iPad mini]], iPad mini 2, iPad mini 3
    • [[Apple TV]] 2Gen, 3Gen
Операциялық жүйенің ядросы

XNU (гибридті)

Лицензиясы

жеке меншік

Жағдайы

Актуалды

Сайты

apple.com/ru/ios

iOS (2010 жылдың 24 маусымына дейін: iPhone OS) — Америкалық Apple компаниясымен құрастырылып, шығарылатын мобильді операциялық жүйе. 2007 жылы шығарылған; бастапқыда iPod touch және iPhone құрылғыларына шығарылып, сосын iPad және Apple TV құрылғыларына да шығарылды. Windows Phone және Android операциялық жүйелеріне қарағанда тек қана Apple компаниясының құрылғыларына қондырылады.

iOS-тың қолданушы интерфейсі мультитач қозғалыстары арқылы тікелей басқару концепциясында құрылған. Интерфейсті басқару элементтері батырмалардан, сүйрегіштер мен тетіктерден құрылған.

iOS MacOS-тің негізінде құрылып, оның POSIX (орыс.)қазақ.-үйлесімді Darwin (орыс.)қазақ.-нің негізгі компоненттерінің жинағын қолданады.

iOS-та төрт абстракциялау қабаты (орыс.)қазақ. бар: Core OS қабаты, Core Services қабаты, Media Layer қабаты және Cocoa Touch қабаты.

iOS-тың қазіргі таңдағы версиясында (iOS 6.0) жүйелік бөлімге құрылғының 1,5 — 2 Гб флеш-жады беріледі және бос орынға 800 Мб беріледі (құрылғының модификациясына байланысты өзгереді).

2013 жылдың 7 қаңтарына қараған таңда App Store бағдарламалар дүкенінде iOS-қа арналған 755 мың бағдарламалар бар. Оларды жүктеудің жалпы саны 40 миллиардтан асып түсті.