Құрметті оқырман, қазақша Уикипедияның Telegram арнасына жазыла аласыз
Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 232 906 мақала бар.
Қымыз
Қымыз — биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын.
Қымыз — түркі және моңғол көшпелі халықтарының бірнеше мыңжылдықтан бері пайдаланып келе жатқан сусыны.
Қымыз ашыған күні қымыздың алды ауыл адамдарына беріледі. Жазғытұрымда бие байланған кезден бастап, қазан айының басына дейін (бие ағытылғанша) қымыз үзілмейді. Қымыздың жақсы болуы ыдысына, ашытылуына, ұсталу бабына байланысты болады. Қымыздың шипалық, емдік маңызы зор.
Бие сүтінен даярланатын қымызды көптеген көшпелі халықтар — қазақтар, қырғыздар, башқұрттар баяғы заманнан білген. Оны даярлау әдістерін ежелгі скифтер де білген екен. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда грек тарихшысы Геродот, көшпелі скифтер бие сүтінен қымыз даярлаған, деп жазды.
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910, Көлбастау – 10 маусым 1982, Алматы) — қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы.
Батыс майданындағы 16 армияның 316-атқыштар дивизиясындағы (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы) 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тас жолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.
Аптаның бірлескен жұмысы
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||||
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||||
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||||
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||||
Уикисабақ Білім қоры
|
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||||
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Білгенге маржан
- Қазақстанда Өлеңті деп аталатын 2 өзен бар, біреуі Жайыққа, екіншісі Ертіске құяды.
- Шекспирдің сонеттерін қазақ тіліне екі белгілі ақын жеке-жеке аударған.
- Әл-Фарабидің атақты трактаты ағылшынның утопист-социалисі Томас Мордың еңбегіне негіз болған.
- «Робот» сөзін ойлап тапқан жазушы Карел Чапек бірнеше рет Нобель сыйлығына номинация алған еді.
- Процедуралық драмалардың әр сериясы басы-аяғы бар сюжетті ұсынады (суретте — медициналық драманың логотипі).
- Қымызынай Саумалкөлден біршама шығысқа қарай орналасқан.
Жаңалықтар
- Өзекті оқиғалар
- 11 ақпан — Реал Мадрид Футболдан клубтар арасындағы әлем біріншілігінің финалында Әл-Хилалды 5-3 есебімен жеңіп, чемпионаттың жеңімпазы атанды.
- 6 ақпан — Шығыс Жерорта теңізі аймағында бірқатар күшті жер сілкінісі және кейінгі дүмпулер болып, Түркия мен Сирияда 35 мыңнан астам адам қайтыс болды (суретте).Түркияның 10 провинциясында 3 айға төтенше жағдай жарияланды.
- 1 қаңтар — Бразилияның сайланған президенті Луис Инасиу Лула да Силваның инаугурациясы өтіп, қызметін атқара бастады. Осымен ол Бразилияның үш мәрте президенті.
- 1 қаңтар — Хорватия Шенген аймағына кірді және хорват кунасының орнына еуроны ұлттық валюта ретінде енгізді.
- 29 желтоқсан — Тарихта үш рет әлем чемпионы атанған жалғыз футболшы Пеле 82 жасында қайтыс болды. Бразилияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды.
- 18 желтоқсан — Аргентина Ұлттық футбол құрамасы финалда пенальти сериясында Франция Ұлттық футбол құрамасын жеңіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды; аргентиналық капитан Лионель Месси әлем чемпионаттарында рекорд орнатып, турнирдің үздік ойыншысы атанды.
4 наурыз
Мейрамдар
Оқиғалар
Дүниеге келгендер
- 1678 жылы - Антонио Лучо Вивальди итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижёр, католиктік діни қызметші