Google Play Pass туралы ақпарат
Жарнамалары мен ақылы функциялары жоқ жүздеген керемет ойындар мен қолданбаларға жол ашылды. Жаңадан жазылғандар сынақ нұсқасын тегін пайдаланып, содан кейін айлық жазылымды сатып алуына болады. Жылдық жазылым да бар.1
Дайынсыз ба?
Тіркелу үшін Android құрылғысынан Play Store дүкеніне кіріңіз1
Google Play Store қолданбасын ашыңыз
Алдымен профиль белгішесін, сосын Play Pass түймесін түртіңіз.
Сұрақ-жауап
Google Play Pass жазылымы қанша тұрады?
Google Play Pass жазылымын Қазақстан аумағында айына 790,00 ₸ төлеп, ал жылына 7 100,00 ₸ төлеп сатып алуға болады. Отбасы менеджерлері жазылымды 5 отбасы мүшесімен бөлісе алады.2
Оған қандай қолданбалар мен ойындар кіреді?
Google Play Pass жазылымында жүздеген ойын мен қолданба бар. Олардың саны ай сайын толығып отырады. Android құрылғыңыздан Google Play Store дүкеніне кіріп, каталогті көруіңізге болады.
Android құрылғысы қажет пе?
Иә, Google Play Pass жазылымын Play Store қызметінің 16.6.25 және одан жаңарақ, сондай-ақ Android 4.4 және одан жаңарақ нұсқасы орнатылған мобильдік құрылғылар мен планшеттерде пайдалануға болады. Жазылу үшін де жарамды Google есептік жазбаңыз (оны ата-анаңыз, мектеп немесе басқа ұйым басқармауы керек) болуы керек.
Толығырақ ақпаратты қайдан ала аламын?
Google Play Pass қалай жұмыс істейтіні, отбасы мүшелерімен қалай бөлісуге болатыны және тағы басқа туралы ақпаратты анықтамалық орталық мақаласынан таба аласыз.
Әзірлеушілер қалай қатыса алады?
Google Play Pass жазылымынан ойып тұрып орын алатын қолданба немесе ойын әзірлеп жатсаңыз, толығырақ ақпаратты оқыңыз да, мына үлгіні толтырып, бағдарламаға қатысқыңыз келетінін айтыңыз.