II Мехмет Герей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search

II Мехмет Герей
қырымтат. II Mehmed Geray
Лауазымы
Ту
15-Билеуші, Падишаһ және Ұлы Қырым ханы
Ту
1577 — 1584
Ізашары I Дәулет Герей
Ізбасары II Ислам Герей
Өмірбаяны
Діні ислам
Дүниеге келуі 1532 (1532)
Қайтыс болуы 1584 (1584)
Қырым
Жерленді Ескі Жұрт
Династия Герейлер
Әкесі I Дәулет Герей
Балалары II Саадет Герей, Мұрат Герей, Сафа Герей
Монограммасы Монограммасы

II Мехмет Герей Семин (Семіз) (қырымтат. II Mehmed Geray, Semin Mehmed Geray; 15321584) — Герейлер әулетінен шыққан 1577-1584 жж. Қырым ханы. I Дәулет Герейдің ұлы әрі мұрагері.

Өмірбаяны[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мехмет Герей әкесі Қырым ханы Дәулет Герейдің Ресей мемлекеті мен Реч Посполитаға қарсы көптеген әскери жорықтарына қатысты. 1555 жылы үлкен ағасы қалғай сұлтан Ахмет Герей Судбища түбіндегі шайқаста қайтыс болғаннан кейін Мехмет Герей қалғай шенін, ханның тең билеушісі және бірінші мұрагері дәрежесін алды. Әкесі билік еткен кезде Мехмет Герей қалғай қызметін атқарған (1555-1577).

1555 жылдың жазында Қырым ханы Дәулет Герей 60 мыңдық татар әскерімен Оңтүстік Ресей жеріне жорыққа шықты. Алайда орыс патшасы Иван Грозный жаудың шабуылын тойтаруға дайындалып, үлкен әскермен шекарада тұрды. Дәулет Герей Тулаға жетіп, кері қарай жылжыды, бірақ қайтар жолда Судбища түбінде мырза дуан басы Иван Васильевич Шереметев басқарған 7 мыңдық орыс әскеріне тап болды. Дәулет Герейдің Қырымды жорық кезінде Қырымды күзетуге қалдырған Мехмет Герей ханзада өз жасағымен әкесіне көмектесу үшін жолға шығады.

1558 жылы қыста Қырым татарларының үлкен ордасын басқарған Мехмет Герей қалғай оңтүстік орыс жерлеріне қарсы жорыққа Орқапыдан аттанды, бірақ орыс полктерінің шекараға ілгері жылжуы ханзаданы жоспарланған шапқыншылықтан бас тартуға мәжбүр етті. 1563 жылдың көктемінде Мехмет пен Әділ Герей ханзадалар 10 мыңдық әскердің басында Мәскеудің шекаралық иеліктеріне жаңа шабуыл жасап, Михайлов, Дедилово және Рязан жерлерін ойрандап кетті. 1570 жылы Мехмет пен Әділ Герей үлкен әскердің (50-60 мың адам) басында Рязан мен Кашира жерлеріне шапқыншылық жасады. 1571-1572 жылдары Мехмет Герей қалғай әкесімен бірге Ресей мемлекетіне қарсы екі үлкен жорыққа қатысады.

Қырым ханы Дәулет Герейдің билігінің аяғында оның екі үлкен ұлы Мехмет Герей қалғай мен Әділ Герейдің қарым-қатынасы шиеленісе түсті. Олардың арасында үлкен тартыс болды. Әділ Герей ағасынан қорқып, Қаялы өзенінің бойында Болы Сарай қаласын тұрғызып, сонда қоныстанды. Қырым хандарының саясатына наразы ноғай мырзалары оның айналасына топтаса бастады. Оларды Дәулет Герей хан өлер алдында ғана татуластыра алды.

1577 жылы 29 маусымда Қырым ханы I Дәулет Герей Бақшарайда қайтыс болды. Әкесі I Дәулет Герей қайтыс болғаннан кейін Қырым ханының тағына 45 жастағы Мехмет Герей қалғай отырды. Мехмет Герей бауыры Әділ Герейді жаңа қалғай етіп тағайындады.

Сол 1577 жылы жаңа хан Семіз Мехмет Герей бастаған қырым татарларының үлкен ордасы поляк-литва шекаралық жерлеріне жорық жасады. Қырымдықтар Волынді талқандап, өртеп жіберді, жорықты тоқтату үшін қырымдықтар поляк патшасынан үлкен төлем алды. Шапқыншылық кезінде қырым татарлары мен ноғайлар патша ақысын есептемегенде 35 мың тұтқын, 40 мың жылқы, 500 мың сиыр, өгіз, қойларды алып кетті.

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]