Полудин ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Аудан
Полудин ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақ КСР

Кіреді

Солтүстік Қазақстан облысы

Әкімшілік орталығы

Полудино

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

29 шілде 1936

Таратылған уақыты

2 қаңтар 1963

Тұрғындары
Тұрғыны

27 938 адам (1959)

Полудин ауданы — 1936-1963 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының құрамында болған Қазақ КСР солтүстігіндегі әкімшілік бірлік.

Тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Полудин ауданы КСРО БОАК Президиумының 1936 жылғы 29 шілдедегі Жарлығына сәйкес Қазақ АКСР Солтүстік Қазақстан облысының құрамында құрылды. Аудан орталығы Полудино ауылы болды. 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап Қазақ КСР Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді.

1957 жылы 14 қыркүйекте таратылған Петропавл ауданы аумағының бір бөлігі Полудин ауданына қосылды[1].

1963 жылы 2 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Полудин ауданы таратылды. Оның аумағы ішінара Солтүстік Қазақстан облысының Совет ауданының (Асан, Бугровск, Гавринск, Полудинск, Светлопольск, Тоқушы, Ярминск ауылдық кеңестері[2]) құрамына кірді.

Тұрғындары[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1939 жылғы халық санағы бойынша Полудин ауданында 23 542 адам тұрды, оның ішінде орыстар – 69,8%, немістер – 9,2%, қазақтар – 8,5%, украиндар – 8,3%, татарлар – 1,6%[3]. 1959 жылғы халық санағы бойынша ауданда 27 938 адам тұрған[4].

Аудан басшылары[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Компартиясы Полудин аудандық комитетінің бірінші хатшылары

  • Вишневский Яков Абрамович (1936—1938)
  • Ахременко Иван Федорович (1938—1939)
  • Кияница Андрей Петрович (1939—1941)
  • Горохов Степан Петрович (1941—1943)
  • Иванов Виктор Александрович (1943—1944)
  • Дворников Александр Яковлевич (1944—1948)
  • Севастьянов Дмитрий Александрович (1948—1950)
  • Қамалетдинов Масғұт Уәлиұлы (1951—1954)
  • Дружинин Николай Анатольевич (1954—1959)
  • Лосев Константин Семенович (1959—1962)
  • Фомичев Павел Дмитриевич (1962—1963)

Полудин аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағалары

  • Стариков Николай Александрович (1935—1938)
  • Шустов Алексей Осипович (1939—1942)
  • Русанов Антон Павлович (1942—1943)
  • Құрманов Рамазан (1943—1944)
  • Марков Семен Никифорович (1945—1952)
  • Засыпкин Константин Константинович (1953—1956)
  • Брикунов Алексей Андронович (1956—1962)[5]

Сілтеме[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]