IBM Құпиялылық туралы мәлімдемесі

Бұл құпиялылық туралы мәлімдеме 2020 жылғы 1 желтоқсанда өз күшіне енеді.

Осы мәлімдеменің алдыңғы нұсқасы осы жерде қолжетімді.

Біз IBM корпорациясында дербес деректерді қорғаудың маңыздылығын мойындаймыз және IBM корпорациясы жұмыс істейтін барлық елдерде тиісті дербес деректерді қорғау заңына сәйкес жауапты түрде өңдеу міндетін аламыз.

Бұл құпиялылық туралы мәлімдемеде біз жинайтын, пайдаланатын және бөлісетін клиенттеріміз, бизнестегі серіктестеріміз, жабдықтаушыларымыз және басқа ұйымдар, сонымен қатар олармен жұмыс істейтін жеке тұлғалар туралы жеке мәліметтерге қолданылатын IBM корпорациясының жалпы құпиялылықты сақтау тәжірибелері сипатталған. Осы құпиялылық туралы мәлімдемені IBM корпорациясы бұлт қызметтері немесе қолданбалар («бағдарламалар») құрамында немесе оларға байланысты, клиенттердің жеке деректерін олардың пайдасы үшін олардың атынан және олардың бақылауымен өңдеу («өңдеуші» ретінде) үшін қолданбайды. Ол осындай қызметтердің уәкілетті пайдаланушыларына қатысты ақпараттар жинағын IBM корпорациясы өз мүдделері үшін өңдейтін («бақылаушы» ретінде) кезде ғана қолдануы мүмкін.

Бұл Құпиялылық туралы мәлімдеме онлайн қызметтері мен өнімдері, соның ішінде рекрутинг бойынша қосымша ақпарат беретін IBM Онлайн құпиялылық туралы мәлімдемесімен толықтырылады. Веб-сайттарда немесе белгілі бір өнім немесе қызметке қатысты дербес деректерді жинау немесе пайдалану туралы қосымша немесе нақты ақпаратты ұсына аламыз.

Дербес деректеріңізді неліктен және қалай жинаймыз және қалай оны пайдаланамыз

Біз сіздің дербес деректеріңізді әр-түрлі мақсаттар үшін жеке тұлға ретінде жинай аламыз:

  • Веб-сайттарды немесе басқа онлайн-қызметтерді («бағдарламаларды» қоса) пайдалану және оларға қол жеткізу
    Веб-сайттарымыздың біріне кірген кезіңізде немесе онлайн қызметтерді пайдаланған кезіңізде (онлайн қызметтердің сілтемелері жұмыс үстелінде немесе мобильді қолданбаларда немесе бағдарламаларда болса), біз сізге кіруге рұқсат беру, веб-сайтты басқару және қауіпсіздік талаптарын сақтау және құпиясөздер, IP мекенжайлар және шолғыш параметрлері сияқты веб-сайтымыздың жұмысына қатысты заңдарды сақтау үшін бізге қажет ақпаратты жазып алатын боламыз. Біз сондай-ақ сіздің веб-сайтқа кіру барысындағы іс-әрекеттеріңіз туралы ақпаратты жинаймыз; бұл сіздің веб-сайтты қолдану тәжірибеңізді (мысалы, сіздің қалауларыңыз бен параметрлеріңізді жазу арқылы) жекелендіру мақсатында және біздің веб-сайттарымыз, өнімдеріміз бен қызметтерімізді одан әрі жетілдіру үшін қажетті статистиканы жинау мақсатында жасалады.

  • Сіздің ақпарат, тапсырыс немесе қолдау көрсету жөніндегі сұрауыңызға жауап беру
    Ақпарат, өнім немесе қызметке тапсырыс беру, сізге қолдау көрсетуге тапсырыс беру немесе форум және өзге әлеуметтік есептік құралдарға қатысу туралы бізбен (онлайн немесе оффлайн) хабарласқан кезде, біз сіздің сұрауыңызды орындау үшін, өнімге немесе қызметке қол жектізуді қамтамасыз ету, сізге қолдау көрсету және сізбен хабарласу үшін қажетті деректерді жинаймыз. Мысалы, біз атыңыз бен байланыс ақпаратыңызды, тапсырысыңыз бен бізбен жасалған келісіміңіз туралы мәліметті, сіздің тапсырысыңыздың орындалуы, жеткізілуі және ол бойынша шот-фактураның жіберілуі туралы мәліметті жинаймыз; біз клиенттің қанағаттануына қатысты сауалнамалық ақпаратты қосуымыз мүмкін. Біз осындай ақпаратты өзара қарым-қатынас және құқықтарымызды қорғау үшін, әкімшілік мақсатта сақтаймыз.

    Осындай тапсырысқа байланысты тіркелу үшін атыңыз бен байланыс ақпаратын берген кезде, аталған тіркеу біздің веб-сайттарымызға кірген кезде өзіңізді анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген қызметтер мен өнімдерге тапсырыс беру үшін, біз сізден IBMid идентификаторын тіркеуді қажет етеміз. Бұл тіркеу құпиялылық параметрлерін реттеуге және басқаруға да мүмкіндік береді.

  • Сіздің IBM Cloud қызметтерін пайдалануыңыз Өнімнің жұмыс істеу мүмкіндігін іске қосу, пайдаланушы тәжірибесін жақсарту, өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, қызметтерді жалпы пайдалану туралы клиенттерге хабарлау, қолдау көрсету, өнімдер мен қызметтерді жетілдіру және дамыту үшін біз сіздің IBM Cloud қызметтерін пайдалануыңыз туралы мәліметтерді жинаймыз. Біз қолданатын әдістерге, жиналатын дербес деректерге, сондай-ақ қадағалауды қалай бақылауға немесе бұғаттауға немесе cookie файлдарын жоюға қатысты толық ақпарат алу үшін IBM Онлайн құпиялылық туралы мәлімдемесіне жүгініңіз.

  • Біздің клиенттеріміздің қызметкерлері, ықтимал тұтынушыларымыз, серіктестеріміз және жеткізушілерімізбен хабарласу
    Клиенттермен немесе ықтимал тұтынушылармен, серіктестермен және жеткізушілермен қарым-қатынастар кезінде, олар бізге іскерлік байланыс ақпараттарын (мысалы, тиісті жеке тұлғаның аты-жөні, іскерлік байланыстар туралы мәліметтер, қызметкерлердің лауазымы, мердігерлер, кеңесшілер және өкілетті пайдаланушылар) береді; мұндай ақпарат келісім-шарттың орындалуын қадағалау, өнімдер мен қызметтерді жеткізу, қолдау көрсету, шот-фактураларды ұсыну және қызметтерді немесе қарым-қатынасты басқару үшін беріледі.

  • Кірушіге арналған ақпараты
    Адамдар мен оларға тиесілі мүліктің қауіпсіздігі, сондай-ақ заңдық талаптарды орындау мақсаттары үшін біздің веб-сайттарымызға және мекен-жайларымызға кіретін адамдарды (олардың аты-жөні, сәйкестендіру және іскерлік байланыстар туралы ақпаратын) тіркейміз және камералық қадағалауды пайдаланамыз.

  • Маркетинг
    Сіз туралы жиналатын ақпараттың көп бөлігі біздің тікелей қарым-қатынасымыз нәтижесінде келеді. Тиісті жиындар мен іс-шараларға тіркелу кезінде, біз жиындарды/іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты ақпаратты немесе жиындарды өткізу кезіндегі ақпаратты (мысалы, сессияларға қатысу мен сауалнама нәтижелері туралы ақпаратты) (онлайн немесе оффлайн) жинай аламыз. Жиналатын дербес деректерді бизнесті жүргізу және маркетингтік мақсаттар үшін жиынтық талдау және іскери сараптаманы әзірлеу үшін біріктіреміз. Өнімдеріміз бен қызметтеріміз туралы ақпаратты электрондық пошта, телефон немесе пошта арқылы алуды таңдай аласыз. Веб-сайттарымызға кіргенде немесе біздің қызметтерді пайдаланған кезде жекеленген ақпаратты өзіңізге ұсына аламыз. Маркетингтік хат-хабарлардың тиісті параметрлерін осында реттеу арқылы сіз әрқашан IBM компаниясынан параметрлері реттелмелі хабарламаларды алудан бас тарта аласыз. Жазылу үшін әр электрондық поштаның төменгі жағындағы жазылымнан бас тарту туралы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпаратты IBM Онлайн құпиялылық туралы мәлімдемесінен табуға болады.
    Біз сіздің дербес деректеріңізді сізге өзіңіз сұраған қызмет көрсету үшін немесе сұрауыңыз, тапсырысыңыз, транзакцияңыз немесе келісім-шартыңызға байланысты (немесе сол үшін дайындалуға байланысты) пайдаланамыз деп көрсетілген жағдайда, біз мұны өзіңізбен жасалған келісім-шартты орындау үшін жасаймыз.
    Біз сіздің дербес деректеріңізді өнімдеріміз немесе қызметтерімізді жарнамалау, жетілдіру, дамыту немесе қауіпсіздік себептері бойынша, әлде өзгеше нормативтік талаптарға байланысты (яғни сіздің келісім-шартыңыз бен тапсырысыңызға қатысты емес) пайдаланамыз деп көрсетілген жағдайда, біз мұны біздің немесе үшінші тараптың заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін немесе өзіңіздің келісіміңізге негізделіп жасаймыз. Егер біз дербес деректеріңізді Еуропалық одақтың Құпиялылық туралы заңнамасына сәйкес жинайтын және қолданатын болсақ, бұның Сіздің құқықтарыңыз үшін салдары болуы мүмкін.

Дербес деректерді тарату

Шекарасыз бизнес-процестер, басқару құрылымдары және техникалық жүйелерімен, өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын ұсынатын жаһандық ұйым ретінде, IBM корпорациясы дербес деректерді дәйекті қорғау үшін стандарттар мен рәсімдермен бірге жаһандық саясатты енгізді. Жаһандық компания бола отырып, біз сіздің деректеріңізді бүкіл әлем бойынша еншілес компанияларымызбен алмаса аламыз және оны өзіміз қызмет ететін әлемнің мемлекеттеріне осы Құпиялылық туралы мәлімдемеге сәйкес жібере аламыз.

IBM корпорациясының еншілес ұйымдарына біз дербес деректерді тек рұқсат етілген мақсаттар үшін қажетті деңгейде ғана береміз. Кейбір жағдайларда, IBM корпорациясы әр-түрлі елдерде орналасқан жеткізушілерді өз атынан дербес деректерді жинау, пайдалану, талдау және өңдеу үшін пайдаланады.

Қажет болған жағдайда, IBM өзіңізді немесе жұмыс істейтін компанияны, өнімдер немесе қызметтермен қамтамасыз ету немесе сұрауыңызды орындауға көмектесу үшін немесе келісіміңізге сәйкес, таңдаулы серіктестермен дербес деректеріңізді бөлісуі мүмкін. Жеткізушілеріміз бен серіктестерімізді таңдағанда, олардың деректерді өңдеу процестерін ескереміз.

Егер IBM кейбір елдерде бизнесті сатуға, сатып алуға, біріктіруге немесе басқаша қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаса, мұндай мәміле ықтималды немесе нақты сатып алушыларға дербес деректерді беруді немесе мұндай ақпаратты сатушылардан алуды талап етуі мүмкін. Мұндай мәмілелерге қатысқан жағдайда, дербес деректерді тиісті қорғауды қамтамасыз ету IBM корпорациясының тәжірибесіне сай келеді.

Кейбір жағдайларда, дербес деректер сот істері, сот шешімі немесе заң процестері бойынша мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін екендігін ескеріңіз. IBM корпорациясының, біздің бизнес серіктестеріміздің, жеткізушілеріміздің немесе клиенттеріміздің, басқа да тұлғалардың құқықтары мен мүліктерін қорғау үшін, мұндай құқықтар мен мүліктер зардап шегуі мүмкін деп санауға жеткілікті негіз болған жағдайда, өзіңіздің дербес деректеріңізбен бөлісе аламыз.

Халықаралық трансферлер беру

IBM халықаралық ауқымының кеңеюі әр-түрлі еншілес компаниялар арасында дербес деректерді үлкен көлемде алмастыруды, сондай-ақ біз іс-әрекет ететін елдерде орналасқан үшінші тұлғаларға дербес деректерді үлкен көлемде беруді талап етеді. Кейбір елдерде дербес деректермен алмасуға шектеу қойылған, осыған байланысты IBM әртүрлі амалдарды шараларды, соның ішінде:

  • Қажет болған жағдайда, IBM корпорациясы Еуропалық одақ (ЕО) комиссиясы мақұлдаған Стандартты келісім баптарын немесе өзге мемлекеттерде ұқсас келісім-шарттық ережелерді қолданады. Бұл дербес деректерді жеткізушілерге немесе өзге үшінші тұлғаларға беруді қамтиды. ЕО Стандартты келісім баптарының көшірмесін осы жерде сұрауға болады.
  • IBM корпорациясы APEC трансшекаралық құпиялылық ережелері (CBPR) жүйесінің талаптарына сай.

ЕО-АҚШ және Швейцария-АҚШ құпиялылықты қорғау жүйелерін жеке деректерді тасымалдау үшін қолдану тоқтатылса немесе ол жүйені пайдалану әрі қарай сенімсіз болса, IBM ЕО-АҚШ және Швейцария-АҚШ құпиялылықты қорғау жүйесінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады: IBM құпиялылықты қорғау саясаты және АҚШ сауда министрлігі.

Ақпараттық қауіпсіздік және дәлдік

Дербес деректеріңізді қорғауды және оның дәлдігін сақтауды көздейміз. IBM корпорациясы дербес деректеріңізді рұқсат етілмеген қатынастан, пайдаланудан және жариялаудан қорғау мақсатында тиісті физикалық, әкімшілік және техникалық іс-шараларды жүзеге асырады. Мысалы, біз несие картасы сияқты маңызды ақпаратты интернет арқылы жібергенде, оны кодтаймыз/шифрлаймыз. Сондай-ақ, біз жеткізушілерден осындай ақпаратты рұқсат етілмеген қатынастан, пайдаланудан және жариялаудан қорғауды талап етеміз.

Сақтау кезеңі

Дербес деректеріңізді заңды және нормативтік міндеттемелер (мысалы, аудит, бухгалтерлік есеп және заңды сақтау мерзімдері), дауларды реттеу, біз іс-әрекет ететін елдерде заңды талаптарды қорғау немесе өңдеу үшін және басқа да тиісті мақсаттар үшін қажет мерзімнен артық сақтамаймыз.

Жағдайлар фактілерге және қызметтерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін болғандықтан, IBM Онлайн құпиялылық туралы мәлімдемесінде немесе нақты бір хабарламада көрсетілген ақпарат сақтау шарттары туралы толық мәліметті бере алады.

 

Бізбен қалай байланысуға болады

Егер сізде Құпиялылық туралы мәлімдемеге қатысты сұрағыңыз болса, мына нысанды пайдалану арқылы бізбен хабарласыңыз. Сіздің хабарламаңыз IBM корпорациясының Деректерді Қорғау Топтың мүшесіне жіберіледі, мысалы дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілеттіне немесе топтың басқа мүшелеріне жіберіледі.

Қажет болған жағдайда, егер басқаша көрсетілмесе, жеке деректеріңіздің контроллері International Business Machines Corporation (IBM Corp.) (1 North Castle Drive, Armonk, New York, United States (АҚШ) мекенжайында тіркелген) болып табылады. Егер деректерді қорғау туралы заң талабы бойынша IBM Corp. немесе оның бақылауындағы еншілес компаниядан ЕЭА-да немесе Ұлыбританияда IBM заңды өкілі тағайындалуы қажет болса, ЕЭА өкілі – IBM International Group B.V. болады (Johan Huizingalaan 765, 1066 VH Amsterdam, The Netherlands); ал Ұлыбританиядағы өкіл – IBM United Kingdom Limited болады (PO Box 41, North Harbour, Portsmouth, Hampshire, PO6 3AU, United Kingdom).

IBM корпорациясы келесі жағдайларда контроллер емес:

  • Дербес деректер келісім-шарттық қатынастарына немесе IBM-ның нақты еншілес компаниясымен келісім-шарттық қатынастарына байланысты өңделеді. Бұл жағдайда дербес деректердің контроллері ретінде IBM мердігер компанясы болып саналады, ол - сіз немесе сіздің жұмыс берушіңіз келісім-шартқа отырған немесе болашақта отыратын бөлек заңды тұлға.

  • Физикалық аумағында немесе IBM еншілес компаниясы орналасқан жерде жиналған дербес деректер. Бұл жағдайда тиісті еншілес компания дербес деректердің контроллері болып табылады.

Сіздің құқықтарыңыз

Сіз жеке деректеріңізді ашуға рұқсат беруді, жаңартуды немесе түзетуді, тіпті кейбір жағдайларда оларды жоюды сұрай аласыз. Тікелей маркетингке қарсылық білдіруге де құқығыңыз бар. Сауал процесіне осы жерде қатынаса аласыз.

Өңдеуге қолданылған жергілікті заңнамаға сәйкес қосымша құқықтарға ие бола аласыз. Қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз.

Шағым беруге құқық

Егер дербес деректеріңіз қолданыстағы деректерді қорғау туралы заңнамаға сәйкес келмейтінін санасаңыз, сіз шағым бере аласыз:

  • IBM корпорациясымен тікелей осы нысан арқылы.

  • Деректерді қорғау бойынша құзыретті органдармен. Еуропалық Одақтағы деректерді қорғау органдарының атауы мен байланыс деректерін мына жерден табуға болады.

Біздің құпиялылық туралы мәлімдемеге өзгерістер

Біз осы құпиялылық мәлімдемесін деректерді басқару тәжірибесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты мезгіл-мезгіл жаңартып отыруымыз мүмкін. Қайта қарастырылған Құпиялылық туралы мәлімдеме осы жерге жаңа күнімен жарияланады. Өзгерістер мен жаңартуларды мезгіл-мезгіл тексеріп отыруды ұсынамыз. Егер біз Құпиялылық туралы мәлімдемеге елеулі өзгерістер енгізсек, осы беттің жоғарғы жағында 30 күн ішінде хабарлама жариялаймыз. Осындай өзгерістер күшіне енген соң, біздің веб-сайттарымызды пайдалануды жалғастыра отырып, сіз бұл өзгерістерді оқып, түсіндіңіз деп сенеміз.